Абдул Рамазанұлы Ахмедов (15.09.1929, Дағыстан, Лак ауданы, Хурукра ауылы - 07.02.2007, Мәскеу) — КСРО халық сәулетшісі (1984), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), Ресей суретшілер академиясының академигі.
Сағат жөндеуші-Зергердің ұлы.
1948 — 1953 жылы Баку политехникалық институтынында В.Саркисов пен М.Үсейіновтің шеберханасында, архитектура бөлімшесінде оқыған. 1953-1961 жылдары Түрікменстанда "Түрікменмемжобалау" институтында жұмыс істеген. 1967-1987 жылдары Ашхабад бас сәулетшісі. Түрікменстан сәулетшілер одағының төрағасы (1986-1987). Ашхабад қаласының бас сәулетшісі Ахмедов жұмыстарының көрнектілері ретінде “Ашхабад” қонақ үйін (1967), орталық алаң ансамблін, Түрікменстан кітапханасы үйін (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1970) айтуға болады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том 1987 жылдан Мәскеуде: "Гипротеатр" жобалау институтының бас сәулетшісі, 1989-1992 жылдары КСРО сәулетшілер одағы басқарамсының хатшысы, одан кейін Халықаралық архитектура академиясы Мәскеу бөлімшесінің ғылыми хатшысы, 1994-2007 жылдары "Моспроект" басқармасының №20 шеберханасының бас сәулетшісі.
Сыртқы сілтемелер АБДУЛ AХМЕДОВ Центр изучения Центральной Азии, Кавказа и Урало-Поволжья фото http://expertbaza.blogspot.ru/2013/03/3_22.html Ахмедов Абдулла Рамазанович
Дереккөздер
Санат:15 қыркүйекте туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Дағыстанда туғандар Санат:7 ақпанда қайтыс болғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО сәулетшілері Санат:Түрікменстан сәулетшілері Санат:КСРО халық сәулетшілері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері