Ефим Семенович Стрельников (14.10.1905, Украина, Харьков облысы, Первомайск ауданы - 26.1.1945, Польша, Ламперсдорф селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, рота командирі.
Еңбек жолын Харьков темір жолы торабында жұмысшы болып бастаған. Кейіннен Днепр СЭС-і құрылысында жалғастырған. 1934 жылы ол Өзбекстандағы Шыршық электр-химия комбинаты кұрылысына жіберілді. Семей қаласында жұмыс істеп жүргенде 1942 жылдың жазында Кеңес әскері қатарына шақырылды. 112-атқыштар дивизиясының 524-атқыштар полкінде қызмет еткен Стрельников Сандомир плацдармы (Польша) үшін болған ұрыстарға қатысты. Оның ротасы жаудың қарсы шабуылын тойтарып, өздері шабуыл жасады. Жауға күйрете соққы беріп, оларды қашуға мәжбүр етті. 1945 жылдың 21 қаңтарында Одер өзенінің шекарасында болған ұрыста Стрельников ротасы 100-ге тарта гитлершіні, 7 ipi калибрлі пулеметті расчеттерімен қоса жойып жіберді, көптеген әскерін тұтқындап, техникасын тартып алды. Осы ерліктері үшін Стрельниковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4.1945).А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:14 қазанда туғандар Санат:1905 жылы туғандар Санат:Первомайск ауданында (Харьков облысы) туғандар Санат:26 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Польшада қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысындағы рота командирлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Польшада жерленгендер Санат:Семей тұлғалары