thumb|right|200px| Владимир Артемович Савва (22.11.1923, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Мироновка селосы - 17.10.1948, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, капитан, батальон командирі, украин.

Кеңес әскері қатарына Жамбыл облысы Мерке ауданы әскери комиссариаты арқылы 1940 жылы шақырылды. Ол 240-атқыштар дивизиясының 842-полкі батальонын ұрысқа бастап кірді. 1943 жылдың күзінде Кеңес әскері Днепр өзеніне шықты. Сол жылдың 27 қыркүйегінде Днепр өзенінен етуге бұйрық алып, оны іске асырудың жоспарын жасады. Қолда бар құралдар мен балықшы қайықтарын пайдаланын, өзеннен өте бастады. Жау оқ боратып қоя берді, бірақ батальон жауынгерлері бұйрықты орындады. Батальонның шабуылды шебер ұйымдастыра білуінің нәтижесінде маңызды шеп басып алынды да, бүкіл полктің Днепрден өтуіне жағдай жасалды. Днепрден өтіп, арғы жағалауға бекініп, жаудың шабуылына тойтарыс бергені, полктің өзеннен өтуіне жағдай жасағаны үшін Савваға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.10.1943).

Соғыстан кейін көп ұзамай Савва қаза тапты. Савва Мәскеудегі Ново-Девичье бейітінде жерленді. Мерке ауданындағы Савва оқыған орта мектеп батырдың есімімен аталады.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:22 қарашада туғандар Санат:1923 жылы туғандар Санат:Тайынша ауданында туғандар Санат:17 қазанда қайтыс болғандар Санат:1948 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО майорлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:Будапештті алғаны үшін медалінің иегерлері Санат:Чнхословактық 1939 Әскери крестінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысындағы батальон командирлері Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер