Футболдан Бельгия ұлттық құрамасы — барлық халықаралық турнирлер мен матчтарды Бельгия мүддесін өкілдік ететін ұлттық құрама.

Тарихы Бельгия Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі үш әлем чемпионатына да қатысты, бірақ пәлендей жетістікке жете алмады. Оған дейін 1920 жылы Олимпиада чемпионы атанған. Соған қарамастан құрама әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңісін тек 1970 жылы Мексикада ғана тойлады. Турнир дебьютанты Сальвадорды ұтқанымен қалған екі қарсыласынан (КСРО мен Мексика) ұтылып, 1/4 финалға өте алмады. Екі жыл өткен соң Еуропа чемпионатының финалдық турниріне шыққан төрт құраманың бірі болды. Чемпионатқа алаң иелері ретінде қатысқан бельгиялықтар үшінші орын үшін болған ойында мажарларды ұтып, тырнақалды тұңғыш халықаралық жүлдесін иеленді. Арада сегіз жыл өткен соң Италиядағы Еуропа чемпионатында финалға шықты, бірақ ГФР футболшыларынан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Мұнан соң құрама әлем және Еуропа чемпионаттарында жүлде ала алмай келеді. 1986 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Үшінші орын үшін матчта Француздарға жол берді: 2:4. Арада төрт жыл өткен соң Италия-90 әлем біріншілігінде 1/8 финалда Англиямен кездесіп, 120 минут бойы аянбай айқасты. Ойынның бітуіне санаулы секунд қалғанда (119-минутта) гол жіберіп алды. Осы турнирден соң құраманың 70-80 жылдардағы табысына септігі тиген бапкер Ги Тис құрамамен қоштасты.

1994, 2002 жылдарғы әлем чемпионаттарында Бельгия 1/8 финалда сүрінді. Бұл екі аралықтағы Еуропа чемпионаты (2000 жылғы) Бельгия мен Нидерландыда өтті. Ол турнирде де Бельгия жарқырай алмады, топтық турнирден аса алған жоқ.

Араға бірталай уақыт салып құрама 2014 жылы әлем чемпионатына қатысып, ширек финалға дейін жетті, бұл жолы бұларға Аргентина тосқауыл болды: 0:1.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалда турнир дебьютанты Уэльстен ұтылды - 1:3.

2018 жылғы әлем чемпионатында құрамына Маруан Феллайни, Ромело Лукаку, Дрис Мертенс, Эден Азар, Томас Вермален, Тибо Куртуа секілді мықтыларды топтаған Бельгия жартылай финалға дейін жетті. Топтық турнирде Тунис, Анлия, Панама құрамаларымен бір топқа түсті де, үшеуінде де ұтты. 1/8 финалда 0:2 есебімен ұтылып тұрып, Жапонияға үш доп соқты - 3:2. Ширек финалда Бразилияны 2:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда болашақ чемпион Францияға жол берді. Үшінші орын үшін матчта 2:0 есебімен Англияны ұтты.

Жетістіктері Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы: 1920 Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1900 Еуропа чемпионатының финалисі: 1980 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1972 Әлем чемпионатында 3-орын: 2018 Әлем чемпионатында 4-орын: 1986 Соңғы 20 жылдағы бапкерлері

20. 08. 1999 — 30. 06. 2002: Робер Васеж 21. 08. 2002 — 31. 12. 2005: Эме Антунис 1. 01. 2006 — 30. 09. 2009: Рене Вандерейкен 1. 10. 2009 — 15. 04. 2010: Дик Адвокат 4. 05. 2010 — 13. 05. 2012: Жорж Лекенс 3. 09. 2012 — 15. 07. 2016: Марк Вильмотс 3. 08. 2016 — Роберто Мартинес

Құрама ардагерлері 2017, 10 қазан күнгі #ФутболшыКарьераОйынГол 1 Ян Вертонген 2007— 97 8 2 Ян Кулеманс 1977—1991 96 23 3 Тимми Симонс 2001— 94 6 4–5 Эрик Геретс 1975—1991 86 2 4–5 Франки Ван дер Эльст 1984—1998 86 1 6 Энцо Шифо 1984—1998 84 18 7–8 Даниэль Ван Бюйтен 2001—2014 83 10 7–8 Аксель Витсель 2008— 83 9 9 Поль Ван Химст 1960—1974 81 30 10 Эден Азар 2008— 80 20

Дереккөздер

Сілтемелер 1904 жылдан бергі барлық матчтары

Санат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасы