Астық сүлікшесі () – қатты қанаттылар сабының жапырақ жегілер тұқымдасына жататын қоңыз, дәнді дақылдар зиянкесі. Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы тау етектеріндегі аудандарда көптеп кездеседі. Даму кезеңі бір жылдық. Ұзындығы 4-6 мм, түсі көк жасыл, алдыңғы арқасының бунағы мен аяқтары қызыл-сары болады. Топырақ арасында қыстайды. Жұмыртқаларын жапырақ бетіне салады. Дернәсілі ақшыл-сары, денесінің орта бөлігі дөңестеу келеді, үстін тұтасымен қара-қоңыр шырыш жапқандықтан “сүлікше” деп атайды. Дернәсілдері де дәнді дақылдардың жапырақтарымен қоректенеді. А. с. түскен бидайдың өнімі 30-388-ке кемиді. А. с. бидайдан басқа арпаны, сұлыны, кейде жүгері мен тарыны да зақымдайды. А. с. көбейіп кеткен кезде егінді инсектицидтермен дәрілеу қажет.

Дереккөздер

Санат:Қатты қанаттылар Санат:Егін шаруашылығы зиянкестері