Аспара — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, Аспара ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде, боз жусан, қылқан, боз өскен, қызғылт, қоңыр топырақты далалық белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы - Меркі (43 км жерде).

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1086 1028 94,7 549 543 98,9 537 485 90,3

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, емхана, кітапхана, сауда орны бар. Аспара арқылы Қордай - Шалдуар автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары облыс орталығымен және елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Ауыл атауының тарихы Аспара - адам аты. Ол батыр болған адам екен. Аспара батыр - Қордай батырдың замандасы болған. Аспара мен Қордай батырлар елін, жерін қорғаған. Екеуі де өз әскерлерімен, ел-жұртымен 20 жыл бойы жаудың бірде-бір әскерін өздері бекінген тау асуларынан бері қарай жібермеген. Олар бұл дүниеден өткен соң, олардың бекініс жасаңған тау асулары, оның арнасындағы өзен-сулардың атауы сол батырлардың есімімен аталып кеткен.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері