Қасым Әбуұлы Асанов (1 қаңтар 1931, Үтері ауылы, Құрманғазы ауданы, Қазақ АСКР, РКФСР — 12 мамыр 2008, Алматы) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері (1965), ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1976), профессор (1983), Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (1996).

Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1951) Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын (1963) бітірген. 1955 — 1969 ж. ұжымшар төрағасы, 1969 — 73 ж. Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында аға ғылым қызметкер, 1973 — 1987 ж. Шымкент облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірбие ст-ның, “Шымкент” кеңшар техникумының және дендрологиялық саяжайдың директоры болды. 1987 жылдан Қазақтың мал азығын дайындау және жайылым ғылым-зерттеу институтының директоры. Асановтың ғылыми еңбектері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарындағы жайылымға қолайлы жерлерді зерттеуге арналған. Шөлейт жерлердің құнарлылығын арттыру үшін Асанов Атырау облысында алғаш рет мал-азықтық дақылдарды (жоңышқа, қоңырбас субидайық, жиматарғақ, үйбидайық) бірге сеуіп суармалы жайылым жасау әдісін қолданды. Сондай-ақ ол белок пен витаминдердің сапасын жақсарту үшін мал азығына көк балдырды (хлорелла) қосуды ұсынды. А. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, Халықтар достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы

Шығармалары: Пастбищное хозяйство Казахстана, А.-А., 1992; Практикум по пастбищному хозяйству. А., 1994.

Дереккөздер

Сілтемелер RUS - Сайт депутата Жайылым үшiн жанын салған | Алматы ақшамы қоғамдық саяси газеті Список знаменательных дат - Библиотека - Материалы - КМиБ ...

Санат:1931 жылы туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:К. А. Тимирязев атындағы РМАУ-МАША түлектері