Артаксеркс II (б.з.д. 445 - б.з.д. 359) — Ахемен әулетінен шыққан парсы патшасы. б.з.б. 404 — 358 ж. ел билеген, Дарий II-нің тұңғыш ұлы.
Билік басына келісімен Кіші Азияның билеушісі, өз інісі Кирмен таққа таласты. Сыртқы саясатта біршама табыстарға жеткеніне (394 ж. Книдте спартандардың флотын күйреткен, 386 ж. Анталкид бітімін жасасқан т.б.) қарамастан, Артаксеркс II патшалық құрған уақыт Ахемен әулеті мемлекетінің әлсірей бастаған кезеңі болды. Сатраптар (ежелгі парсы еліндегі билік иелері), жергілікті хандар, бодан тайпалар (кадустар, т.б.) бірнеше рет оған қарсы шығып, көтеріліс жасады.
Дереккөздер
Санат:Б. з. д. 445 жылы туғандар Санат:Б. з. д. 359 жылы қайтыс болғандар Санат:Парсы патшалары