Құлан (1992 жылға дейін — Луговое)О пpисвоении наименований и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының және Құлан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Тараз қаласынан шығысқа қарай 120 км-дей жерде, Қырғыз Алатауының бойында орналасқан.
Тарихы Қаланы археологикалық тұрғыдан зерттеу ісі 19 ғасырдың соңында В.В. Бартольдтың жетекшілік етуімен басталды. Алғашқы археологикалық қазба жұмыстарын 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі мен Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде алғашқы отырықшы қоныстардың Луговой төңірегінде 1-ғасырларда пайда болғаны анықталды. 1963-65 жылдары Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) қаланың айналасындағы төбешікке қазба жұмыстарын жүргізді. 1987 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы тарихи және мәдени ескерткіштер жөніндегі археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Байпақов) Луговой “А”, “В”, “Г” қамалдарына қазба жұмыстарын жалғастырды. 7 ғасырдың 1-жартысына жататын жазба деректерде Құлан қаласы туралы айтылады. Қытайдың Сюан-Цзян жол бағдарламасында және Таң әулетінің тарихында қала Цзюи-Лан деп аталған. Ол туралы 8-10 ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалаларды сипаттаған араб авторлары да жазып кеткен. Араб географы әл-Мақдиси: “Құлан – бекініс қала, онда мешіт бар” деп жазған. Географиялық сөздіктің авторы Якут өзінің 13 ғасырдың 20-жылдарында құрастырған еңбегінде қаланың түрік елінің Мәуераннахр жанындағы шекарасында орналасқанын айтады. Құланда көптеген тарихи оқиғалар өтті. Мысалы, 740 жылы түргеш бегі Құрсұл Батыс-Түрік қағандығының ең соңғы басқағы Ашина Суйцзыды осы қалада өлтірген. 840 жылы араб әскерлері Құланға дейін жеткен. Тараздан және Меркіден Құланға дейінгі ара қашықтық көрсетілген жол бағдарламалары жазылған. Қаланың топографиясынан шахристан, ішкі қамал және шығыс жағынан бекініссіз рабат іздері байқалады. Ішкі қамал биіктігі 7 – 8 метрге жуық, төртбұрышты, 40х40 метр алаңы бар төбе. Шахристан төртбұрышты төбе пішіндес, ұзындығы 320 метр, биіктігі 4 – 5 метрге жуық қабырғамен, сыртынан тереңдігі 1 м, ені 15 метр ормен қоршалған. Археологиялық қазбалардың нәтижесінде орта ғасырлардың бас шеніндегі Орта Азия мен Қазақстандық сарайларға тән “айдарлы” жоспармен салынған ғимараттардан алынған ыдыстар – құман, қазан, құмыра, қақпақ, саптаяқ, шырағдан, т.б. табылды. Құлан орта ғасырларда Ұлы Жібек жолындағы ірі мәдени-сауда орталығы болған.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15380 18572 120,8 7544 9222 122,2 7836 9350 119,3
Дереккөздер
Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері