Адайкөл – Қостанай облысы Қамысты ауданы Адай ауылының оңтүстік-шығысында 1 км жердегі көл.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 267,0 м биіктікте жатыр. Аумағы 10,3 км2. Ұзындығы 4,2 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 17,6 км. Негізінен жауын-шашынмен толысады. Көктем, күз айларында мал суаруға, жазда шабындыққа пайдаланылады. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қамысты ауданы көлдері