Ешкіөлмес асбест кен орны - Қарағанды облысы Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі серпентинит массивінде орналасқан.

Геологиялық құрылымы Девон, тас көмір Ке шөгінді тау жыныстарының ішінен сына тәрізді жазықтықтан көтеріліп шыққан палеозой дәуіріне дейінгі жыныстардың горст блогын құрайды.

Жатыс сипаты Кен орнының ұзындығы 12 км, ені оңтүстігінде 0,5 км, солтүстігінде 2,5 км. Ешкіөлмес серпентинит массивінен асбестің тереңге тігінен құлайтын 3 кен аймағы табылды (батыс, шығыс белдемдері, №3 кентас денесі). Әрбір белдем буылтық келген бірнеше күрделі кентас денесінен тұрады. Олардың ұзындығы 4-5 км, ал барланған тереңдігі 450 м. Ешкіөлмес асбест кенінің барланған қоры 5 млн. т, болжамды қоры 8-10 млн. т. Хризотил-асбест талшықтарының асбоцемент, фрикцион бұйымдарын жасауға жарамды екені анықталды. Кен орнына жақын темір жол стансасы – Жезқазған (150 км). Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары