Есенкөл – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қайрақты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жердегі қыстау.

Қайрақты өзенінің сол жағалауында орналасқан. Есенкөл қыстауының жанында Қайдақ, Қуандық, Старая Ферма, Өлеңдісай қыстаулары бар. Солтүстігінен Ақбұра, Қызылаша өзендері ағып өтеді. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысы қыстаулары Санат:Әйтеке би ауданы географиясы