Доғалаң – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығысында, Талды өзенінің сол жағалауында, Қарағайлы кентінен оңтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан тау.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 957 м. Батыстан шығысқа қарай 6 – 7 км-ге созылып жатыр. Ені 2 – 3 км. Солтүстік және шығыс беткейлері тастақты, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік баурайынан көптеген бұлақтар басталады.

Геологиялық құрылымы Орта және жоғары тас көмір гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Қара қоңыр топырағында бетеге, жусан, қызыл боз, селеу, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары