Данабұлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы, Ақтоғай аудандарындағы өзен. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 599 км2.
Бастауы Бастауын Кешубай тауының оңтүстік беткейінен алып, Қарадөң төбесінің тұсында жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Арнасы тар, тік жарлы келген. Көктемде тасығанымен, жаздың ыстық айларында тартылып, иірімдерге бөлініп қалады. Данабұлақты мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы