Далабай алтын кен орны — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек стансасынан солтүстікке қарай 20 км жерде. 1957 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы Кен орнының жоғары пермь вулканиттері мен триастың интрузивтерінде солтүстік - шығыс бағытта параллель орналасқан құрамында алтын бар кварцты желілер жүйесі анықталған. Олар дербес кен шоғырларына бөлінген.

Жатыс сипаты Кварц желілерінің қалыңдығы 0,2 – 0,3 м-ден 1 – 3 м-ге дейін. Олар құрамында себезгі сульфидтері бар қоңыр сұр кварцтан тұрады. Бұлардан басқа шығысқа қарай ұзындығы 225 м, қалыңдығы 2,7 – 8,8 м тағы бір кен денесі бөлінген. Кентастағы сульфидтердің (пирит, халькопирит, сфалерит, борнит) мөлшері 2%. Кен орнын 1996 жылдан «Кварц» алтын өндірістік мекемесі игереді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы кен орындары Санат:Қазақстан алтын кен орындары