Возрождение аралы — Арал теңізінің батыс бөлігінде орналасқан. Оны орыс зерттеушісі А.Н. Бутаков 1848 ж. алғаш рет сипаттап жазған. Арал солтүтіктен оңтүстікке қарай 150 км-ге созылған, енді жері 60 км-ге жуық, абсолюттік биіктігі 93 метр.

Жер бедері, негізінен, тегістеу келген, аласа құм төбешіктер мен саяз ойыстар кездеседі. Аралда шөлейттік белдемге тән өсімдіктер өседі. Солтүстік-шығысында Возрождение, ортасында Қантүбек елді мекендері орналасқан. Бұрын толығымен Өзбекстан аумағында жатқан арал, теңіз суының тартылуына байланысты аумағы 3 – 4 есе ұлғайды, су астынан аралдың қазақстандық бөлігі пайда болды. Соңғы деректерге қарағанда арал оңтүстік жағалаумен жалғасып түбекке айналды. Возрождение аралында Кеңес үкіметі кезінде химиялық-бактериялық қарудың сынақ алаңы болған.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Арал теңізі аралдары Санат:Өзбекстан аралдары Санат:Елсіз аралдар Санат:Бұрынғы аралдар Санат:Қазақстан аралдары