Бүркітауыл – Сарымсақты жотасының батыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында. Абсолюттiк биіктігі 3373 м.

Жер бедері Таудың пішіні крест тәрізді келген. Беткейі тік жарқабақты, аздап тілімденген. Солтүстік беткейінен көптеген өзен салалары ағып Бұқтырма өзеніне барып құяды.

Өсімдігі Тау альпілік және субальпілік шабындықтармен көмкерілген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы таулары