Борлықақ – Балқаш көлінің алабындағы көл.
Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында, Қайнар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 21,4 км2, теңіз деңгейінен 812,2 м биіктікте. Ұзындығы 8,5 км, енді жері 4,1 км, жағалауының ұзындығы 24,0 км. Негізінен еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Қуаң жылдары суы тартылады. Суы тұзды, кермек, сілтілігі төмен. Жақын маңайдағы шаруашылықтар пайдаланады. Жағалауы жайпақ, жусан мен сораң өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңасемей ауданы көлдері Санат:Балқаш су алабы