Бұғыл, Бүгіл – Ақжар көлі алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 202 км2.

Бастауы Өзен бастауын Үлкен Ақтау тауының шығыс беткейінен алып, таудың солтүстік етегін бойлай алғашында солтүстік-шығысқа, одан кейін солтүстік-батысқа қарай бұрылып Шабақты өзенінің оң жағына келіп құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы және орта ағыстарындағы арнасы тар, тік жарлы, төмен арнасы жазыққа шығып кеңейеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Желтоқсанның ортасында суы қатып, ақпанның соңында мұзы ериді. Суы тұщы, жаз айларында сәл кермекті. Жағалауы жайылым, суы мал және егістікті суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы өзендері Санат:Талас су алабы