Боялысай – Мойынты өзені алабында.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 60 км.

Бастауы Шұнақ, Шауыпкелді, Қызылтас тауларының беткейлеріндегі бұлақтар суының қосылуынан түзілген. Сарықуыс тауынан солтүстіктегі сорға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Жоғарғы бөлігінің жағасы биік жарқабақты, орта және төменгі бөлігі жайпақ, құмдауытты. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы