Ботақара — Нұра алабындағы көл.
Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында, Ботақара ауылының шығысында орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 7,3 км2 (көктемгі тасқында 2 есе ұлғаяды), ұзындығы 4,2 км, ені 2,5 км, ең терең жері 5 м. Жағалауы жайпақ, құмдақ. Оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс жағалаулары аласа қыраттарға ұласады. Көлге оңтүстік-шығысынан Өткелсіз өзені құяды. Түбі сазды, тегіс. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұщы, сәл кермектеу. Суында қарабалық, теңгебалық, алабұға кездеседі. Көлде көптеген су құстары мекендейді.
Санат:Бұқар жырау ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы