‎ Борацит – бораттар тобына жататын минерал. Химиялық формуласы Mg3[B7O12]ОCl. Кристалдары куб немесе октаэдр пішінді. Ұсақ дәнді тұтас (мәрмәрға ұқсас) агрегаттар түзеді. Түсі сұр, сарғылт немесе көгілдір ақ, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 7,5; меншікті салмағы 2,95 г/см3. Тұз және борат кендерінде галит, сильвин, ангидрит, гипс және т.б. минералдармен бірге кездеседі. Бор өндірілетін минерал.

Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Борат минералдар