Бозінген – Қалмаққырылған өзенінің алабында орналасқан өзен. Ұзындығы 45 км.

Бастауы Ұлытау облысы Ұлытаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақ суларының қосылуынан түзіліп, Қалмаққырылған өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Жағасы биік, аңғары кең. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, жазда қарасуға бөлініп қалады. 3 саласы бар, ең ірісі – Төрткөл. Өзен алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Суы кермек, мал суаруға пайдаланылады.“Қазақ энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері