Бозғақ – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерімен ағатын өзен. Ұзындығы 50 км.

Бастауы Кенжебай-Самай зираты маңына таяу жерден бастап, Жатық жер мекеніндегі құмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Жағасы жарқабақты келген. Орта ағысында аудандары 2,5 және 1 км2-лік 2 көлмен байланысып жатыр. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Суы арнасынан асып сәуірде ағады, жазда тартылып қалады. Өзен аңғарында суы тұщы 2 құдық бар, олардың ірісі – Ақкөл, тереңдігі 2 м, су ағымы 200 л/сағ.“Қазақ энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері