Этнохороним (, «халық» + , «жер/аймақ» + , «аты»), этникон — топониммен белгіленген, бір жерде өмір сүретін халықтың атауы. Мысалы, Астана — астаналық(тар), Алматы — алматылық(тар), Семей — семейлік(тер), Талдықорған — талдықорғандық(тар), Аягөз — аягөздік(тер).
Қазақ тілінде этнохоримге байланысты белгілі бір ереже жоқ. Бірақ жер аты жуан дауысты буынмен аяқталса, -лық/-дық жұрнақтары жалғанады (мысалы: Қазақстандық, Қытайлық). Ал жер аты жіңішке дауысты буынмен аяқталса, -лік/-дік жұрнақтары жалғанады (мысалы: Ресейлік, Аягөздік)
Кейде этнохороним жердің тарихи атауына байланысты қойылады.
Қызықты мәліметтер Кейде жер аты мен этнохороним әртүрлі болады. Мысалы: камчадалдар — Камчатка тұрғындары (ескі этноним бойынша); кариока — Рио-де-Жанейро тұрғындары; монегаскалар — Монако тұрғындары; манкуниандар — Манчестер тұрғындары; конголездіктер — Конго тұрғындары; одесситтер — Одесса тұрғындары; муромляндар — Муром тұрғындары; малагасийліктер — Мадагаскар тұрғындары;
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Тұрғындар атауының пайда болуы «КСРО халқы атаулары сөздігі: шамамен 10.000 атау», А. М. Бабкина және Е. А. Левашова редакциясы бойынша. М., «Орыс тілі», 1975.
Санат:Этнология