Төлеутай Әбжанұлы Әбілдин (9 мамыр 1931 жыл, Баянауыл ауылы, Павлодар облысы – 1996 жыл, Павлодар, Павлодар облысы) — қазақ тарихшы, мұражай қызметкері. Қазақ КСР Білім беру ісінің үздігі. ҚазПИ-ді (1954, қазіргі ҚазҰПУ), мұражай қызметкерлері курсын (1979) бітірген. 1949-50 жылы Жосалы алтын өндіру кенінде бастауыш сыныптың мұғалімі, 1954 жылдан Баянауылда тарих және география пәндерінің мұғалімі. Баянауылдағы Сәтбаев атындағы мұражайдың негізін қалаушылардың бірі және 1967-95 жылы директоры болды.

Бірнеше медальдармен және төс белгілермен марапатталған.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан педагогтары