Бөз - мақтадан тоқылған жұқа мата. Байырғы ортада бөзден жеңіл көйлек, дамбал сияқты бұйымдар тіккен. Сондай-ақ қайтыс болған адамның кебінін бөзден дайындаған. Бөз негізінен қазақ даласына керуен арқылы жеткен, кейін келе қауым қажетті бөзін жәрмеңкеден алып отырған. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология