Белдеуге қасық қыстыру - дәстүрлі болжау рәсімі. Біреудің сапардан қашан келетінін яки жоғалған заттың табылу-табылмауын болжап білу үшін тілі енді шығып келе баланың қолына ағаш қасық беріп, белдеуге қыстыруын сұрайды. Егер сәби оның сабын төмен қаратып қыстырса, іс оң бағытта болады деп болжайды. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология