Бесбақан – Абай облысының Үржар ауданындағы өзен. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 964 км2.
Бастауы Тарбағатай жотасының батыс сілемі Қызбелтаудан басталып, Сасықкөлге 18 км жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы Текебұлақ ауылына дейін тау арасында тар шатқалмен ағады, жағасы тік. Орта және төменгі ағысында жағасы жайпақ. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Өзен алқабы қысқы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы өзендері