Байшөгел — мағыналық қасиеті қою, белгілі ұғымдардың басын қосып тұратын, билер қолданатын көнеден жеткен түйінді сөздің атауы. Байшөгелі айтылмай дау-дамай дұрыс шешілмеген. Әр би түйім сөзін өзінше топшылап құрған. Байшөгел ұғымы дәйегі, дәлелі жоқ қасаң дауды білдірген деп тұспалдауға негіз бар. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология