Беғазы – Қаратал өзенінің сол жағындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан. Ақтоғай ауылынан шығысқа қарай 27 км жерде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 4,5 км. Ең биік жері 1169 м.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі жайпақ, оңтүстік және батыс бөлігі сай-аңғарлармен тілімденген. Тас көмір жүйесінің ортаңғы бөлім кезеңінің тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге, боз, қараған, арша, аңғарларда астық тұқымдас шалғындар өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары