Батырша – Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінен солтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде орналасқан көл.

Гидрографикасы Аумағы 6,8 км2, теңіз деңгейінен 138,0 м биіктікте. Ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Көл жағалауы төбелі жазықты келген. Суының ең жоғары деңгейі сәуірде, төменгісі қазан айында, су деңгейі жылына 0,6 м-ге ауытқып отырады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды, сілтілі және кермек. Көл мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы көлдері