Анатолий Иванович Колесов (18 қаңтар 1938, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Литвинское елді мекені — 2 қаңтар 2012) — КССРО-лық балуан, еркін күрес шебері. Өмірбаяны Қазақстанның тұңғыш чемпионы. Қазақ дене тәрбиесі институтын (1955) бітірген. КСРО халықтары спартакиадасында алтын медальға ие болды (1959). Колесов он жыл бойы (1957-66) еліміздің командасы құрамында дүниежүзінің 20 елінде болып, еліміздің спорттық намысын қорғады.
Жетістіктері Колесов олимпиялық ойындардың (1964, Токио), әлемнің үш дүркін (1962, 63, 65) чемпионы. Ол басқарған КСРО құрама командасы 1966-69 ж. Еуропа мен дүние жүзінің төрт дүркін, олимпиялық ойындардың чемпионы болды.
Марапаттары Колесов Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Дереккөздер
Санат:1938 жылы туғандар Санат:Осакаров ауданында туғандар Санат:КСРО-ның Олимпиада чемпиондары Санат:КСРО балуандары Санат:1964 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Күрестен Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары