Ақтігер - үш-төрт қанатты, екі үзікпен жабылатын киіз үйдің шағын түрі. Осы үй туралы: Арғымақ ару аттар сескенсе, Ақтігердің қарсы алдында жусар ма? Ойда қазақ көп жортса, белдерін Күміспенен құрсар ма? - деп ертедегі ақын-жыраулар шығармаларында (Шалкиіз жырау) айтылады. Ақтігер үйді алыс жайылымда, көш жолдарында немесе жорықта пайдаланды.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология