Туристік эмблема (гр. emblema - қосымша, рельефті әшекей ұғымында), туристік немесе оның кейбір жеке түрлерін сипаттауға арналған нышандар көбінесе қағаз бетіне елде қағаз матаға бейнеленіп салынады. Туристік эмблема белгілері туристік жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздарына беріледі; қызмет бабына орай клуб, ұйым мүшелеріне берілетін арнайы белгілер, әдетте киімнің жеңіне тігіледі. Оның сувенирлік түрлері иегердің саяхатқа қатысқанын, кептеген қалалар мен туристік базаларда болғанын, еске салады.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Дереккөздер
Санат:Спорт