thumb| alt=A.| Лавандалық "Карнавал" Бальзаминдер тұқымдасы. thumb|left| alt=A.| Германияда өсетін бальзаминдер тұқымдасы. Бальзаминдер тұқымдасы (қынагүл тұқымдасы Вalsamіnaceae) – қосжарнақтыларға жататын шөптесін өсімдіктер. Негізінен Азия мен Африкада, кейбір түрлері Еуропа мен Солтүстік Америкада кездесетін 4 туысы, 450-дей түрі бар. Сабағы шырынды, қарапайым жапырақтарында бөбешік жапырақтары болмайды. Гүлдері қос жынысты, бұрыс, қос гүлсерікті. 5 бірдей емес тостағанша жапырақтары болады, оның біріншісі (ең төменгісі) мүйіз шақшаға ұқсас өсіндіге айналған. Жемісі – шырынды қорапша, піскен кезде қақырап ашылады да, ішендегі тұқымдар жан-жаққа таралады. Қазақстанда бальзаминдер тұқымдасының 1 туысы – шыңқетер бар. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Қынагүл тұқымдасы