Байынқол – Іле алабындағы өзен, Текес өзенінің оң саласы.
Географиялық орны Алматы облысының Райымбек ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 88 км, су жиналатын алабы 1180 км2 .
Бастауы Шығыс Тянь-Шаньдағы Сарыжаз жотасынан бастау алады.
Гидрологиясы Таудың қар-мұз суымен толығады. Аңғары мен арнасы тар, терең шатқалды. Жылдық орташа ағыны 36,1 м3 /с. Суы егістікке және мал суғаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы өзендері Санат:Іле су алабы