Байменей – Іле алабындағы өзен
Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданындағы өзен. Ұзындығы 56 км.
Бастауы Сегізбай-Қамыс шым батпағынан басталып, Саламбай көліне (аумағы 1км²) құяды.
Гидрологиясы Өзен арнасы құмды, жағалауы жазық. Жайылмасында қалың қамыс өседі. Қараша айының аяғында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Балығы көп, көктемде құс ұялайды.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Балқаш ауданы өзендері Санат:Іле су алабы