Байбала – Жетісу облысы Алакөл ауданы Сасықкөл көлінің оңтүстік бөлігіндегі көл.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 350 м биіктікте орналасқан. Аумағы 5,1 км2. Жанында Байбол, Қошқаркөл (Ұялы) көлдері жатыр. Көл өзен суымен толысып отырады.

Өсімдігі Жағасындағы шалғынды сұр қоңыр топырағында сұр жусан, баялыш, күйреуік және сортаңды жерлерде қамыс өседі. Желтоқсанда қатып, наурыз – сәуірде мұзы ериді. Суы кермек, тұтқыр, аздап сілтілі келеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы көлдері Санат:Алакөл су алабы