Аяқмалайсор — Павлодар облысы Май ауданы, Жамантұз қыстауының оңтүстік-батысында, 18 км жерде орналасқан көл.
Гидрографикасы Аумағы 5,1 км2. Теңіз деңгейінен 199,0 м биіктікте жатыр. Сопақ пішінді көлдің ұзындығы 6,5 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 26,6 км. Көл түбінде тұз шөккен. Алқамерген көлі мен Аяқмалайсор көлдері аралығында бірнеше ұсақ тұзды көлдер бар. Көктемгі еріген қар суы, жауын-шашын су көлемін арттырып, көлдерді тұтастырып кетеді. Жаз айларында су деңгейі төмендеп, орны тұзды батпаққа айналады. Жағалау бойы қамыс, құрақпен көмкерілген.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Дереккөздер
Санат:Май ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы