Ащылыайрық – Сілеті өзенінің сол саласы.

Географиялық орны Ақмола облысы Шортанды, Ақкөл аудандарының жері арқылы өтетін өзен. Ұзындығы 58 км, саласы Сарықамыспен қосқанда 96 км.

Гидрологиясы Су деңгейі көктемде көтеріледі, ағысы баяу, жазда құрғамайды. Жағасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында жазық. Жауын-шашын, қар, жер асты суларымен толығады. Суы қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Су жиналатын алабы 3520 км². Егін, мал жайылымдарын суландырады. Ащылыайрыққа 7 сала құяды. Ішіндегі ірілері: Сарықамыс, Қаражар, Тасмола, т.б.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақкөл ауданы өзендері Санат:Шортанды ауданы өзендері Санат:Сілеті су алабы