Ашылған – Сырдарияның оң саласы.

Географиялық орны Түркістан облысы Түркістан қалалық әкімдігі аумағында. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 721 км2.

Бастауы Қаратаудың солтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталады. Сырдарияға жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысында арнасы тар, тік жарлы келеді, орта ағысында Ақарық ауылынан бастап арнасы кеңейеді. Ұзындығы 10 км-ден аспайтын 33 саласы бар. Жауын, қар, жер асты суларымен толығады. Жоғарғы бөлігінде бөгеме жасау арқылы егін суғарылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Түркістан қалалық әкімдігі өзендері Санат:Сырдария су алабы