Арасанқаба – Қарақаба өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерімен ағады.
Бастауы Оңтүстік Алтай жотасынан бастау алады. Оңтүстік Алтай жотасының оңтүстік бөлігіндегі тау бөктерін қақ жарып терең құз-жартасты даралардан ағып өтеді.
Гидрологиясы Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 435 км2. Өзен суы тау мұздықтарының еруімен толығып, жаз айларында ағады. Алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Суы түрлі шаруашылыққа пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы I том
Дереккөздер
Санат:Катонқарағай ауданы өзендері