‎ Алақайдың ақтақыры – Қызылқұмның солтүгіндегі тақырлы жазық.

Географиялық орны Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Қызылқұм мен Ескідариялық арнасының аралығында орналасқан.

Жер бедері Ұзындығы 35 км, ең биік жері 108 м. Төрттік дәуірдің аллювийлі, құмдақты шөгінділерінен түзілген. Жазықта сексеуіл аралас жусанды сораңды шөптесін өсімдіктер өседі. Алақайдың ақтақыры аумағында ежелгі қалалар орны көп. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазықтары Санат:Қызылорда облысы географиясы