Ақсор – Қалмас жотасының солтүстігінде 7 км жердегі тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысы Арал аудандары аралығында орналасқан.
Жер бедері Таудың батысы мен шығысы тегіс жазық, солтүстігінде Сарыбұлақ құмы және Ырғыз өзені жатыр. Беткейі көлбеу келген.
Өсімдігі, жануарлары Құмдақты топырағында қара сексеуіл, сұр жусан, күйреуік өседі. Жануарлардан қасқыр, ақ бөкен, қарақұйрық, сарышұнақ, қоян, т.б. мекендейді.Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы таулары Санат:Шалқар ауданы таулары