Ақсай-Қарғалы суғару жүйесі , Алматы облысы Қарасай ауданында Ақсай және Қарғалы аудандары аумағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 33 км.Қазақ энциклопедиясы 7- том Су жүйесі 2,5 мың га жерді суғарады және суландырады. Ақсай-Қарғалы суғару жүйесі бірімен-бірі байланысқан бірнеше шағын каналдардан тұрады. Бастылары: Аққарғалы (ұзындығы 23,7 км, су шығымы 1,77 м³/с), Қаскелең (су шығымы 0,88 м³/с), Бесоба (0,07 м³/с), Көкөзек (0,5 м³/с) және суды таратып реттеп отыратын Мыңжылқы каналы (0,6 м³/с). Су жүйесі Қарасай ауданының және Алматы қаласының маңындағы елді мекендер шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді. Ішкі сілтемелер Су жүйесі Канал
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы Санат:Қазақстан суару жүйелері