Ақоба — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Ақоба ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан шығысқа қарай 40 км-дей жерде, далалық белдемде орналасқан. Жақын темір жол стансасы - Жәнібек (52 км жерде).
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1340 адам (675 ер адам және 665 әйел адам) болса, 2009 жылы 891 адамды (451 ер адам және 440 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 651 адамды (321 ер адам және 330 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Шаруашылығы Бұрынғы кеңшар негізінде ұйымдасқан “Ақоба” өндірістік кооперативі жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, емхана, кітапхана бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Танымал тұлғалары Төлеш Әбдірахманов — шопан, Социалистік Еңбек Ері.
Қапан Әубәкірұлы Мусин - композитор.
Дереккөздер
Санат:Жәнібек ауданы елді мекендері