Ақжайық бұлағы Қазақ энциклопедиясы – Батыс Қазақстан облысындағы минералды су көзі. Жайық өзенінің аңғарында, Орал қ-нан 50 км жерде орналасқан. 60 – 185 м тереңдіктегі суының температурасы 10 – 11°С, 320 – 350 м тереңдікте 13 – 14°С. Суының құрамында хлор, күкірт, натрий, магний, бром, т.б. әр түрлі микроэлементтер, судағы еріген газдың құрамында азот пен метан бар. Суы ас қорыту және қозғалыс-тірек органдары, жүйке жүйесі сырқаттарын, гинекол. ауруларды емдеуге шипалы. Суы «Ақжайық» санаторийінде ауруларды емдеуде пайдаланылады. Дереккөздер</span>
Санат:Батыс Қазақстан облысы Санат:Қазақстан бұлақтары