Ақбұлақ – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік бөктеріндегі жота.
Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде. Үлкен Басқан және Кіші Басқан өзендерінің аралығында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3004 м.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Таулы-орманды және таулы-шалғынды топырағында шырша ормандары мен түрлі бұталы ағаштар өседі. Жануарлардан Тянь-Шань орман сұр тышқаны, сілеусін, арқар бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сарқан ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы Санат:Қазақстан жоталары