Ақбас еменшөп () – ерінгүлділер тұқымдасы, еменшөп туысына жататын шала бұта.
Таралуы Қазақстанда тек Маңғыстаудың құрғақ төбелерінде, сазды және тасты тау баурайларында, шөгінді жерлер мен құм шеттерінде өседі.
Ботаникалық сипаттама Биіктігі 5 – 30 см, кіндік тамырлы өсімдік. Сабақтары түп жағынан көтеріліп өсіп, жоғарылаған сайын сыпыртқы немесе қалқан тәрізді бұтақтанып кетеді. Жапырақтары таспа не қандауыр тәрізді, ұзындығы 0,5 – 3 см, ені 1,8 мм-дей.
Тостағанша жапырақшалары қысқа түтікті қоңырауға ұқсас, сыртын қалың ақталшықтар жапқан, жолақты. Күлтесі тостағаншадан ұзындау, сырты талшықты-жалбырақ. Аталықтары гүлден сәл қылтиып шығып тұрады. Гүлдері ақшыл не сарғыш түсті, жалған күлтебас гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді.
Экология Ақбас еменшөптің таралу аймағы өте аз болғандықтан Маңғыстау облысының «Қызыл кітабына» енгізілген.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Еріндігүлділер